22 шілде – автокөліксіз жүру күні
Бүгін автокөліксіз жүретін күн.
Жалпы көлік өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғалы қашан. Жұмысқа барсақ та, балабақша мен мектепке бала апарсақ та темір тұлпарды тізгіндейміз. Осы күнделікті мініп жүрген көліктен бір күнге болсын бас тарта аласыз ба? Әлеуметтік жобалар қоры ерекше бастамаға кезекті мәрте мұрындық болды.
"Birgemiz: Taza Alem" жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде "Автокөліксіз күн" челленджін ұйымдастырды. Яғни бүгін барлық отандастарымызды автокөлікті емес, басқа көлік құралдарын қолдануға шақырып отыр. Бір жерге бару үшін қоғамдық көлікті, велосипедті, самокатты пайдалануға үндейді. Ал мүмкіндік болса, жаяу жүргеннің денсаулыққа пайдалы екенін барлығымыз да білеміз. Бұл акция осымен үшінші жыл қатарынан өткізілуде. Ұйымдастырушылар қоршаған ортаны қорғауды, қоғам назарын экологиялық мәселелерге аударуды көздейді.
Дария Ғылымжанқызы әлеуметтік жобалар қорының экологиялық тренері
- Көптеген адамдар жеке көліктері бар, бір емес, екі көлігі бар. Сонымен қатар біз табиғатқа қатты зиян келтіріп отырмыз. Сол себептен кішкене, ойлайтын шығар, бір күннен не болады деп, иә. Бірақ егер короновирус кезін ойға салсақ, қандай біздің ауамыз тап-таза болған еді. Бәріміз үйде отырдық, көліктер жүрген жоқ. Яғни автокөліксіз жүре алсаңыз, автобусқа мініп, немесе самокатқа, велосипед теуіп не болмаса жаяу жүру, ол бізге де, өзімізге де пайдалы денсаулығымызға иә.