«Таза Қазақстан» Telegram-боты тазалыққа шақырады
«Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында Telegram чат-боты іске қосылады, деп хабарлайды 24KZ.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерінің айтуынша, жоба әрбір тұрғын үшін пайдалы болмақ. «Таза Қазақстан» сервисі тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға бейжай қарамауға септігін тигізеді. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Жүзім Дәулет, ЭТРМ Қалдықтарды басқару департаментінің басқарма басшысы:
- Telegram-да сервис ашылды. Қолдануға ең жеңіл сервистердің бірі деп айтуға болады. Басқа сервистермен салыстырғанда. Қоршаған ортаға жақсы әсер етеді деп ойлаймын. Себебі әркімнің сана-сезімін оятады. Қоршаған ортаға бейжай қарамау, өзіміздің тұрып жатқан жерімізді таза ұстауға септігін тигізеді деген ойдамыз.