Форт-Шевченкода заңсыз қоқыс алаңы тазартылды
Маңғыстауда заңсыз қоқыс алаңдарын жою жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Кезекті сенбілік Форт-Шевченко елді мекені маңында ұйымдастырылды. «Таза бейсенбі» экоакциясы аясында өткен шараға елуге жуық ерікті қатысты. Ауыл жастары көлемі бір гектардан асатын жерді тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Сенбілік болған аумаққа қоғамдық бақылау кезінде көпшіліктің таңдауы түскен. Ендігі атқаралатын тазалық жұмыстары осы тәртіппен жалғасады. Коммуналдық мекеме жұмысшыларымен бірлесе жиналған қоқыс жүк көлігімен полигонға тасылды. Бұған дейін Ақтау қаласында 3 қоқыс алаңы жойылып, 25 мың тонна қалдық шығарылған еді.