Жуалы ауданында су қоймасы қоқыстан тазартылды
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Жамбыл облысы Жуалы ауданында да жалғасты, деп хабарлайды 24kz.
50-ден аса аудан тұрғыны бұл жолы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының маңын қоқыстан тазартты. Жалпы экологиялық шара басталғалы Жуалы ауданында 150-ге жуық көше тазартылған. Саябақтар мен скверлер, арық-атыздардан 60 тоннаға жуық күл қоқыс шығарылды. Науқан басталғалы тазалық шараларына ауданнан 6000-ға жуық адам атсалысқан. Олардың қатарында мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ардагерлер, тұрғындар мен белсенді жастар бар. Жуалы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Жеңісбек Сейітбековтің мәліметінше, жалпы «Жасыл аймақ» апталығында аудан бойынша 4000-ға жуық жеміс, декоративті және қылқанжапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.
Жеңісбек Сейітбеков, Жуалы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры:
- Экологиямызға зиян қалдықтарды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жерде атсалысып жатқан әр округ депутаттары және біздің өзіміздің ерікті жастарымыз. Әр апта сайын осындай тазалық жұмыстарын «Тараз Қазақстан» бойынша жүргізіп отырамыз. Теріс-Ащыбұлақ аймағына демалуға келген аудан тұрғындарына тазалау жұмыстарын таза ұстауға шақырамыз!