Күршім ауылында жарты тонна қоқыс шығарылды

Шығыс Қазақстандағы Күршім ауылында шағын ғана демалыс алаңынан жарты тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды 24kz.

«Таза бейсенбі» акциясына қатысқан белсенділер өткен аптада Бұқтырма көпіріне кіреберіс жол мен Құйған елді мекенінің маңайын тазалаған еді. Енді аудан орталығындағы Арбатта бас қосып, ішін айнадай етті. Өйткені бұл жер – күршімдіктер мен қонақтардың ең сүйікті демалыс орны. Іс-шараға жалпы 25 адам қатысты. Олардың арасында қоғамдық кеңес пен жастар орталығының өкілдері, еріктілер және туған өлкесінің тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар бар.