Семей орманы резерватына 70 мың көшет егілді
Олжас Бектенов Абай облысына арнайы барып, «Семей орманы» резерватын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды 24KZ.
Былтыр ондағы 66 мың гектарға жуық орман қоры өртеніп, қоршаған ортаға айтырлықтай зиян келген еді. Қазір қайта ағаш өсіру жұмыстары қарқынды жүруде. Мәселен, алқапқа 70 мың көшет егілген. Сондай-ақ швед жабдықтары арқылы жабық тамыр жүйесі бар қарағай көшеттері өсіріледі. Мұндағы мамандар жыл сайын 3 млн тұқымдық алуды меже тұтып отыр. Бұдан басқа, күйген ағаштарды кәдеге жарату үшін өңірде ағаш өңдеу кешешінін салу жоспарланған. Ол үшін 7,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Байырқалы бастама табиғатпен қатар тұрғындарды жұмыспен қамтуға да оң әсерін бермек. Яғни, жоба іске қосылса 530 еңбек күші ашылады. Сапар соңында Олжас Бектенов жауаптыларға орманды одан әрі көркейтуге және былтырғы апаттың залалын толық жоюға тапсырма берді.