«Алматы жазы» экоакциясы басталды

Алматыда «Алматы жазы» атты экологиялық акция басталды.

Іс-шара аясында қала тұрғындары өздері тұрып жатқан аулаларды тазалап, көшелерді көріктендіреді. Игілікті эстафета бүгін Нарузбай ауданында бастау алып, жалпы қала бойынша жалғасады.

Сақ қорғандары - тарихи мұра. Тазалық іс-шарасының осы жерден бастаулының өзінде өнегелік әрі тәрбиелік мән бар. Наурызбай ауданы жаңадан қалыптасып, дамып келе жатқан аудан. Экологиялық акцияға табиғат жанашырлары мен жазушылар қауымы да қатысты.

Болат Бопайұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:

«Бүгін керемет шара. Ұрпағымыз келіп жатыр, көріп жатыр. Ұрпақты ертеңге тәрбиелеу үшін тарихты білгізу ең маңызыды нәрсе бүгінгі өтіп жатқан шарада. Экология таза, жан жағының бәрі көгертілген, ағаш егілген».

Акция аясында өзен жағалауы, саябақтар мен скверлерге ерекше назар аударылады.Табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған экологиялық іс-шара әр ауданда өтеді.

Нұрлан Құттыбаев, қалалық экология және қоршаған орта басқармасының бөлім басшысы:

-«Таза Қазақстан» республикалық тазалық науқына барысында Алматыда ауқымды жұмыс атқарылды. Абаттандыру, көшелерді жөндеу, жасыл желек қорын молайту бойынша жоспарлы іс орындалып жатыр. Мақсат- қала тұрғындарын тазалыққа шақырып, санитарлық мәдениетті қалыптастыру.  

Қаланың белсенді тұрғындары, шығармашылық және спорт үйірмелеріне баратын балалар саябақ аумағын тазалап, шөбін жұлды. Кітап көрмесі өтіп, оқырманға отандық авторлар жазған кітаптар ұсынылды.

А. Садуақас, С.Бейсекенов