Түркістан облысында тазалық жұмыстарына 500-дей тұрғын қатысты

Түркістан облысында тазалық жұмыстарына 500-дей тұрғын қатысты

Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғындары Ескі Иқан ауылында бас қосып, 80 тонна қоқыс шығарды, деп хабарлайды 24KZ.

Игі шараға 12 ауылдық округтен 500-ден аса адам қатысып, 10-ға жуық техника жұмылдырылды. Табиғат жанашырлары Ескі Иқан ауылындағы барлық көшенің бойын күл-қоқыстан тазартып, қураған шөптерді жинастырды. Асарлату әдісімен өткізілетін сенбілік апта сайын әр ауылдық округтерінде тұрақты жалғасын табады.

«Жалпы қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруда «Таза Қазақстан» акциясының үлесі зор», – дейді тұрғындар.

Элзат Мәуленов, тазалық мекемесінің басшысы:

- Бұл тазалық деген барлығымыз үшін керек. Отбасынан басталуы керек. Барлық көшелер тазалынып жатыр, міне, әдемі болып қалды. Президентіміздің айтып жатқан «Таза Қазақстаны» – осы. Сондықтан барлығыңызды осыған атсалуға шақырамын. Иқан тазалық мекемесі атынан біз де өз көмегімізді көрсетіп жатырмыз. Техникамыз бар және адамдарымызды жұмылдырып, сенбілікке жаппай атсалысып жатырмыз.