«TazaQazBot» телеграм чатына өскемендіктер тарапынан 24 шағым түскен

«TazaQazBot» телеграм чатына өскемендіктер тарапынан 24 шағым түскен. 

Өтініштер  мазмұнына қарағанда тұрғындар үшін әсіресе жол мәселесінің өзекті екенін байқалады. Өйткені осы сала бойынша 11 сұрақ жолданыпты. Көшені жарықтандыру мен тұрмыстық қалдықтарды шығару  жайына тоқталғандар да көп. Жалпы  әзірге алты өтінім бойынша  жұмыс атқарылды,- дейді әкімдік өкілдері. Блогер Александра Осипова чатқа сапасыз су бұрқақтардың мүшкіл халін жеткізіп, әкімдіктің назар аударуын сұраған.  Енді аз күнде ол сауалы шешім табар деген үмітте. Ал экология жанашыры, қоғам белсендісі Дәулет Асановтың айтуынша, осыған дейінгі түрлі қосымшаларға жазу арқылы, қандай да бір шағымға жауап алу тым ұзаққа созылып кететін. Сондықтан ол «TazaQazBot» телеграмм чаты мемлекеттік органдардың  «шұғыл әрекет ететін командасына» айналуы керек деп санайды.

Дәулет Асанов, ШҚО "Экологиялық қауіпсіздік орталығының" директоры:

- Мысалы, үшін Е-өтініш арқылы немесе әр түрлі приложениялар арқылы бірақ оны мемлекеттік органдар 1 ай немесе 2 жұма қарауы мүмкін, ол қарап біткенше ол сұрақ өзектілігін жоғалтып алады. Жылдам реакция беріп жөндеуге тырысса онда арнайы чат бот жеке бір «команда экстренного реагирования» деген сияқты жасап, сондай жұмыс атқарса жақсы болар еді.