Қарағанды облысында өзен-көлдердің жағаcы тазартылды

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасын табуда.

Өңірдегі қалалар мен елді мекендер, көлдер мен өзендердің  жағалауы және тарихи-мәдени ескерткіштер қоқыстан тазартылуда. Белсенділер Балқаш көлі мен Федоров су қоймасының жағасын да мұнтаздай етті. Ал Қарағандыда бөтелке жинап тапсырғандарға тегін балмұздақ үлестірілді.

Балқаштық «Жасыл ел» еңбек жасақтары көл жағалауын тазалауға шықты. Олар туристер саны күрт көбеюіне байланысты жағалауға бірнеше рет сенбілік жасаған. Биыл еңбек жасақтары сапында жұмыс істеуге 250 жас өрен ынта білдірген. Олар жаз басталғалы 3 мыңнан астам қоқыс толы қапшықты полигонға жөнелтті,-дейді қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Тоқтар Амантай. 

Тоқтар Амантай, Балқаш қаласы жастар ресурстық орталығының директоры:

- Биыл біздің «Жасыл ел» еңбек жасақтары республикалық «таза Қазақстан» акциясы аясында көл жағалауын, тарихи ескерткіштерді тазалауға және ерспубликалық мңызщдағы жолдарыдң бойын тазалауға қатысты. Көһптеген акциялар қаламыздың ішінде де өткізілуде. Бұған қос қаланың экологиясын, тазалығын сақтауджы насихаттау мақсатында жастарға сабақтар, тренингтер өткізудеміз. 

Қарағанды қаласының маңындағы Федоров су қоймасының жағалауында да  сенбілік өтті. Оған мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, Бәрімбек Бейсенов атындағы академияның курсанттары бар барлығы 80 адам қатысты. Солардың бірі 3-і курс тыңдаушысы Бейбарыс Жігіт.  Ол осындай экоакцияларға белсенді түрде қатысып жүр. 

Бейбарыс Жігіт, ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 3-курс тыңдаушысы:

- Айналаны қоқыстан тазарту мақсатныда келіп оытрмыз. «Бәрәнәшә байлық денсаулық», ал денсаулық осы тазалықтан басталады демекші, осы тазалық өзіміз үшін ғой. Осы қазақ жастарына айтқым келеді, жұдырықтай жұмылып осынадй жұмыстарды істесек, көптеген мәселе шешіледі деп. 

Ал Қарағандының Майқұдық елді мекеніндегі саябақта бөтелке жинап тапсырғандарға тегін балмұздақ таратылды. Әр 5 бөтелкеге 1 тәттіден берілді.Тұрғындар 50 мың құтыны тапсырып, 10 мың балмұздақ үлестірілген.

Әнел Кәрімова, Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің жетекшісі:

- Қарағанды қаласының Майқұдық саябағында экоакцияны бастадық. Таңертең 11 бастап 5 мыңнан артық адам келді. Көбісі балалар, үлкен кісілер де бар арасында.

Дәл осындай ынталандыру акциясы өңірдегі Теміртау, Шахтинск қалалары мен бірнеше ауданда өтті. Жалпы өңір бойынша бұл күні 110 мың пластик және шыны бөтелке жиналған.

Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар