Бурабайда өзен-көлдердің жағасы қоқыстан тазартылды

Бурабай ауданында өзен-көлдердің жағасы мен Абылай хан алаңы қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды 24kz.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тұрмыстық қалдықтарды жинауға 300-ге тарта адам жұмылдырылды. Көпшілік суға шомылатын жағажай аумағы да ретке келтірілді. Волонтерлермен қоса, жергілікті тұрғындар да экологиялық акцияға белсенді қатысты. Тіпті кейбірі отбасыларымен келіп, ортақ іске өз үлесін қосты. Жалпы облыста жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 80 мың тонна қоқыс шығарылды.

Айнұр Қапжанова, волонтер:

- Өз Отанынсүйетін адам ол шынымен де Отан игілігі үшін тазалықта ұстайды. Жалпы қазақстандықтарды тазалыққа шақырамыз. Өтінеміз, қоқыстарды қоқыс жәшігене тастаңыздар. Бұл тек Бурабай аудандарының тұрғындарына қатысты емес, барша туристерді тазалықты сақтауға шақырамыз.

Айбек Досымбетов, «Ұлттық волонтерлік желі» мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментінің басшысы:

- Бұл жердегі негізгі мақсат – аймақтағы табиғатты аялау, жастарды осы табиғатты қорғау мақсатында тәрбиелеп, тазалау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұған қатысып жатқан волентерлік ұйым өкілдері әр өңірде осы акцияға қатыстыру жұмыстарын да ұйымдастырып жатыр.