Бесқарағайда өзен жағасы қоқыстан тазартылды

«Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық». Дәл осындай атаумен Абай облысына қарасты Бесқарағай ауданында экологиялық акция өтті, деп хабарлайды 24KZ.

100-ге тарта адам Шошқалы көлінің жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қоқыс жәшіктерін орнатты. Ауқымды шараға жергілікті тұрғындармен бірге белгілі спортшылар мен халық қалаулылары да атсалысты.

Нұржан Ағыбаев, Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары:

- Бұл көлдін бір емдік қасиеті бар. Сол себепті бұл жерге көптеген адамдар келеді. Бүгінгі акцияға жиналып отырғанымыз, біздін ауданның әр ауылдық округінен жастарымыз бар, үлкендеріміз бар, бәріміз жұмыла акция өткізіп, тазалайтын оймен келіп отырмыз.