Елдегі қоқыс полигондарының 80%-і талапқа сай келмейді

Еліміздегі 3 мыңнан астам қоқыс полигонының 80%-і талапқа сай келмейді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.

Биылғы жартыжылдық қорытындысына сәйкес өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 20, ал коммуналдық қалдықтар үлесі 22,5% болған. Биыл арнайы зауыт салу бойынша 232 миллиард теңгеге 94 жоба мақұлданып отыр. Мұндай шара қатты қалдықтарды қайта өңдеу көлемін 1,2 миллион тоннаға арттырады деген үміт бар. Сондай-ақ бүгінде қоқыс шығарушы ұйымдарды «GPS – трекелер»  жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол арқылы қоқыс шығаруға мониторинг жасау мен қадағалауды жақсартуға болады екен.