Экология мәселелерін шешу бойынша 18 жол картасы әзірленді

Елде орман мелиорациясы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыс әкімдіктері Экология министрлігімен бірлесіп, кешенді жоспар әзірледі. 2021 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстанда 840 миллионға жуық ағаш пен бұталар отырғызылды. Бұл жоспарланған көлемнің 83% құрайды. Сондай-ақ экологияны қадағалау және гидрометеорология қызметін дамыту бойынша биыл бірінші жартыжылдықта министрлік 500-ге жуық тексеру жүргізді. Экология заңнамасын бұзу бойынша 1331 жайт анықталып, 860 ұйғарым жасалды. Нәтижесінде 40 млрд теңгеден астам сомаға мыңнан астам әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде құны 13 млрд 300 млн теңгеге тең 900-ге жуық айыппұл өндірілді.