Арал теңізіне 1,38 млрд текше метр су келді
Жыл басынан бері Солтүстік Арал теңізіне 1,38 млрд текше метр су келді, деп хабарлайды 24KZ.
Енді Солтүстік Арал мен Сырдария атырабының жағдайы жақсарады. Бұл туралы Арал теңізіндегі су ресурстарын ұлғайту және тұрақтандыру жұмысымен танысқан Су ресурстары және ирригация министрі мәлім етті. Нұржан Нұржігітов Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Аралды сақтау жөніндегі ауқымды жобаның іске асып жатқанын атап өтті. Бұл жоба 3 кезеңмен жүзеге асады.
Алмас Мұсабеков, ҚР СРИМ қоғаммен байланыс басқармасының басшысы:
- Оның алғашқысы – Солтүстік Арал мен Сырдария өзені саласындағы инфрақұрылымды дамыту, гидрогеологиялық жағдайды жақсарту. Екіншісі – Қызылорда облысын тұрақты экономикалық, әлеуметтік-экологиялық жағдайын қолдау және үшіншісі – су ресурстарын басқарудың ақпараттық базасын, жүйелерін жетілдіру.