Алматыда «Таза бейсенбі» экоакциясына жүзге жуық адам қатысты
Тазалауды емес, шашпауды ойлайық.
Алматының Мәслихат депутаттары осылай, дейді. Бүгінгі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына 100-ге жуық адам қатысты. Олардың арасында қоғам белсенділері мен Amanat партиясының мүшелері де бар. Қалалық шара «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында әр аптаның бейсенбі күндері өтеді. Бүгін акцияға қатысушылар Әуезов ауданындағы саябақтар мен алаңдардағы қоқысты тазартты. Науқан басталғалы 19 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Шара экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Оңдасын Құлымбет, комьюнити орталығының жетекшісі:
- Бүгін міне 14-участок тазаланды. Бұған дейін 19,6 тонна қоқыс шығарылған. Жалпы бұл дегеніңіз енді табиғатты аялайық, өзіміздің тұрған жерімізді аялайық, өйткені қоршаған ортаның әсері бізге өте зор үлкен екенін білесіз. Сондықтан да тазалық бар жерде денсаулық та бар. Тазалауға емес, шашпауға шақырамын біріншіден. Барлық жастарға да барлық отбасыға да әрбір балаға дейін осы түсінік жетсе екен деген тілегім бар.