Атырау облысындағы мұнай компаниясына ₸13,6 млрд айыппұл салынды
Атырау облысының прокуратурасы «Каспий нефть» компаниясының жұмысынан заңбұзушылық анықтады, деп хабарлайды 24kz.
Мекеме бұрғылау және кен орнын пайдалану кезінде қауіпті қалдықтарға қатысты талапты орындамаған. Осыған орай сот 14 млрд теңгеге жуық айыппұл салды. Бұл қаржы бюджетке өндіріліп, Ұлттық қорға құйылды.