Риддерде өзен жағасынан екі тонна қоқыс шығарылды
Риддерде «Таза Қазақстан» акциясы аясында Журавлиха өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды 24kz.
Кеншілер қаласындағы суға шомылуға рұқсат етілген жалғыз жағажай осы. Еріктілер мен табиғат жанашырлары өзен айналасын бірнеше сағат бойы тазалады. Орманның ішін де қоқыстан арылтты. Жалпы облыста экологиялық жоба шеңберінде 80 аула, 370 шақырым арық тазаланып, 50 мыңға жуық көшет егілді. Риддерліктер тазалық акциясын әлі де жалғастырады.
Думан Рахметқалиев, қала әкімі:
- Жалпы бүгінгі іс-шараға 200 адам қатысты. Арасында біздің жас велоспортшылар да бар. Осындай ауқымды акцияға ешкім бей-жай қараған жоқ. Бәрі өздері келіп, сұрап, маңайды тазалап жатыр. Осындай сенбілікті аптасына екі рет ұйымдастырып жүрміз.