«Бурабай» ұлттық паркінде өртке қарсы шаралар күшейтілді

«Бурабай» ұлттық паркінде жаңадан 55 шақырым минералды жолақ тартылып, бұрын салынған 5500 шақырым жолаққа күтім жасалды.

Осылайша, мұнда орман өртіне қарсы шаралар күшейтілді. Бұл туралы ұлттық табиғи парктің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жалпы жаз басталғалы төтенше жағдайға даярлықты арттыру мақсатында саябақта азаматтық қорғау бөлімшелерімен бірлескен 6 профилактикалық оқу-жаттығу өткізілген. Мұндағы өрт сөндіру станциясының паркі жыл сайын арнайы техникамен толығып отырады.

Айта кету керек, саябақ аумағында 45 пикник аймағы бар, оның 30-дан астамы от жағуға арналған арнайы ошақпен жабдықталған. Орманшылар демалушыларға аса сақ болу қажеттігін ескертеді.