Атыраудағы мұнай компаниясы мемлекетке ₸673 млн залал келтірді

Атырау облысындағы ANACO компаниясы жер қойнауын дұрыс пайдаланбай, мемлекетке 673 млн теңгеден астам залал келтірді, деп хабарлайды 24kz.

Аталған заңбұзушылықты облыс прокуратурасы анықтады. Яғни, компания 2018-2023 жылдар аралығында көмірсутектерді өндіруде қолданылуға тиіс талаптарға салғырт қарап, 4,2 млн текше метр шикі газдың жоғалуына жол берген. Осылайша, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс баптарын өрескел бұзған. Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланушы ерікті түрде қазынаға 285 млн теңге төледі.