Жезқазғанда тазалық акциясы тарихи орындарда жалғасты
Жезқазғанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза бейсенбілік» өтті, деп хабарлайды 24KZ.
«AMANAT» партиясының белсенділері мен «Жастар рухы» ұйымының еріктілері саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңын тазалады. Кеңгір көлінің жағасында орналасқан бұл алаң – қала тұрғындары жиі келетін орындардың бірі. Табиғат жанашырлары апта сайын дәстүрге айналған тазалық шарасын енді өңірдегі өзге де тарихи-мәдени орындарда жалғастыруды жоспарлап отыр.
Нұргүл Талғатбекова, «Жастар рухы» ұйымының төрағасы:
- Қоқысты жинау бізден болғанымен, ол қоқыс апта сайын дәл сол жерде шашылып жатыр. Яғни, бір жерді біз апта сайын жинаймыз. Әлі де жұмыстар жүргізілу керек. Әрине, тазалық өзімізден басталады. Болашақта бұндай акция бізде жалғасын табады. Өңіріміздегі Жошы хан, Теректі әулие секілді киелі жерлердің маңайын жинау жоспарда бар.