Алматыда «Таза бейсенбі» шарасына 100-ден астам тұрғын қатысты

Алматы жастары Алатау саябағын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды 24KZ.

Экологиялық акцияға 100-ден аса адам қатысып, арнайы техника жұмылдырылды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өткен «Таза бейсенбі» шарасы әр апта сайын ұйымдастырылады. «Бұл игі іс ұжымдық еңбек адамдарды біріктіреді. Сөйтіп, санитарлық мәдениет қалыптасады», – дейді акцияға қатысушылар.

Гүлжан Бекенова, қалалық мәслихат депутаты:

- Біз жастардың қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосуына, әрине, бағыт-бағдар беріп отырамыз. Жол сілтеп отырамыз. Сондықтан қала жастарының құлшынысы өте жақсы.