Мемлекеттік күзет қызметі «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты
«Таза Қазақстан» акциясына Мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздары атсалысты.
100-ден астам жауынгер Алматы маңындағы Іле Алатауы ұлттық паркінде өткен сенбілікке қатысты. Олар Аюсай шатқалы мен жол бойын қоқыстан тазартты. Парк қызметкерлерінің айтуынша, таулы аймақтан қысы-жазы кісі қарасы үзілмейді. Көбі қоқыс қалдықтарын жинамай, тастап кетеді. Әсіресе бір рет қолданылатын пластик ыдыстар, шыны құмыралар жиналып қалады. Әскери қызметкерлер мұндай сенбіліктер экологиялық мәдениетті арттыруға септігін тигізеді дейді.
Евгений Пивень, әскери қызметкер:
- Бұл бастама әрине әр қазақстандықтардың әрбір адамның табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді және де болашақ ұрпақ үшін таза және жайлы орта қалыптастыруға көмектеседі. Болашақ ұрпаққа таза табиғатты қалдырайық деп айтқым келеді.