Шахтинск қаласында «Таза орман» акциясы өтті

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында «Таза орман» акциясы өтті, деп хабарлайды 24kz.

Спортшылар мен «Жасыл ел» жасағынан құралған 50-ге тарта ерікті 722 гектар жерді алып жатқан орман белдеуін тазалады. Бұл – қала тұрғындарының демалып, спортпен шұғылданатын сүйікті орны. Жалпы жаз бойы қаланың 100-ден астам еңбек ұжымы мен 10 мыңға жуық тұрғыны экоакцияларға қатысты. Осы уақыт ішінде 15 мың тоннадан астам, қоқыс қалдықтары шығарылды. Бұған қоса саябақ, алаң, ескерткіштер аумағы тазартылып, мыңнан астам көшет егілді.

Әсет Есенгелдіұлы, «Жасыл ел» жасағының мүшесі:

- Қоқыс жинап, далада жатқан қоқыс барлығын жинап жүрміз. Адамдар шашады., біз жинаймыз. Өзім жинап жүрмін. Өзімнің туған жеірм бұл. Қаланы таза ұстайық. Осы кеңесім. Қал таза болса, өзіміз де таза жүреміз.