Шахтинскіде 10 мыңға жуық адам «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының белсенділері автожол бойындағы орман белдеуін ретке келтірді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл шаһар маңындағы көпшілік жиі демалатын орын саналады.
Руслан Нұрланұлы, тілші:
- Шахтинск тұрғындары осы орман алқабына демалу үшін жиі келеді. 720 гектардан асатын аумақта қоқыс көп шашылады. Экоакцияға қатысушылар жиналған қалдықтарды полигонға шығарды. «Жасыл ел» еңбек жасағынның мүшесі Әрсен Есенгелдіұлы жаз бойы бірқатар акцияға қатысқан. «Ол тазалықты әркім өзінен бастау керек», деп біледі.
Әрсен Есенгелдіұлы, «Жасыл ел» жасағының мүшесі:
- Қоқыс жинап, далада жатқан барлығын жинап жүрміз. Адамдар шашады, біз жинаймыз. Өзім жинап жүрмін. Өзімнің туған жерім бұл. Қаланы таза ұстайық. Осы кеңесім. Қал таза болса, өзіміз де таза жүреміз.
Тазалық шарасына «Жасыл елден» бөлек, спортшылар мен «Amanat» партиясының өкілдері атсалысты.
Ғалымтай Қаржасов, «Amanat» партиясы Шахтинск қаласы филиалының басшысы:
- Енді қаламыз жылдан жылға көркейіп келе жатыр. Елдің барлығы түсінді ғой деймін, бүкіл ел, әр үйдің КСК басшылары қаламызды таза ұстауға тырысып жатқан жағдайымыз бар. Атсалысып жатырмыз міне, бүкіл партия бастауыш ұйымдары бірігіп, қаламызды көркейтуге үлес қосып жүатқан жағдайымыз бар.
Көтемнен бері «Таза Қазақстан» акциясына қаладағы 100-ден астам еңбек ұжымы қатысты. Шамамен 10 мыңға жуық адам тұрғылықты жеріндегі қоқыс атаулыны түгел жинады. Волонтерлердің күшімен 15 мың тоннадан астам қалдықтар полигонға төгілді. Бұған қоса, саябақ, алаң, ескерткіштер аумағы тазартылып, мыңнан астам көшет егілді.
Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков