Еріктілер Карлаг музейінің аумағын тазалады
Қарағанды облысы Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ҚарЛАГ музейінің аумағы қоқыстан тазартылды.
Бейсенбідегі тазалық акциясына мекеме қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Олар ағаш-талдың артық бұтағын қиып, гүлзарларды тазалап, ескерткіштерді жуып шықты. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы музей аумағында бірнеше рет сенбілік ұйымдастырылды. Бұл - еңбекпен түзеу лагерінің басқарма ғимараты болған тарихи орын. Сол себепті саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, шетелдік туристер көп келеді.
Ерғанат Жаңабеков, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінің бөлім меңгерушісі:
- Біздің осы жұмыскерлерімізбен шығып «Таза Қазақстан» акциясы бойынша ескерткіштерді дұрыс қалпында ұстап, есіктің алдын дұрыстап, қураған талдарды кесіп, қысқартып, гүлдерді егеміз. Бүкіл аумақты таза ұстағанда дұрыс санаймыз. Осы мұражай деп енді алыстан іздеп келеді. Енді кісілер, қонақтар келген соң таза болғаны дұрыс деп санаймыз.