Жетісу облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңы тазартылды

Жетісу облысында «Таза бейсенбі» акциясы аясында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш маңы тазартылды.

Ескелді ауданы, Шымыр ауылына жиналғандар қазақ тарихының қасіретті кезеңіне тоқталып, марқұмдардың рухына тағзым етті. Содан кейін көпшілік тазалық жұмыстарына кірісті. Қаулай өскен шөпті шауып, тырмалап, аумақты ретке келтірді. Жалпы, Жетісу өңірінде «Таза бейсенбі» акциясы басталғалы 12 мың адам тазалық жұмыстарына жұмылдырылып, мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды, - дейді партия өкілдері. Негізінен тарихи-мәдени және көпшілік тынығатын орындар тазартылған. 

Мирас Серікұлы, «Аманат» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы:

- Акциямызды қолдап Ескелді ауданының жергілікті атқарушы органынан, аудандық мәслихаттың «Аманат» партиясынан сайланған депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары жүз адамдай шөптен, мусордан тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.