Жамбылдықтар Ақыртас қалашығын күл-қоқыстан тазартты
Мәдени кешеннің айналасын жинауға «Amanat» партиясының өкілдері мен табиғат жанашырлары бірлесіп шықты, деп хабарлайды 24kz.
ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген тарихи орынға туристер көп келеді. Жалпы сәуірде басталған «Таза Қазақстан» акциясына 800 мыңнан аса жамбылдық қатысып, өз үлесін қосты. Олар саябақтар мен аулаларды,ескерткіштердің айналасын қоқыстан арылтты.
Талап Әбдібеков, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы:
- Демалыс күні демалушылар өте көп, тек қана Жамбыл ауданынан емес, Тараз қаласынан да азаматтар кеп демалады, солар кетер кезінде отырған жерлерін жинамай шашып кетеді. Өйткені біз ол жерде осы уақытқа шейін 4 мәрте тазалау жүргіздік, төрт мәртеде тазалағанда да кәдімгі әжептәуір 3-4 тонна көлемінде қоқыс қалдықтар шықты.