«Ақбауыр» археологиялық кешені қоқыстан тазартылды
Шығыс Қазақстан облысында «Ақбауыр» археологиялық кешені қоқыстан тазартылды.
70-ке жуық белсенді жарты тоннаға жуық қалдық шығарып, қоршауларды әктеп сырлап шықты. Бұл маңда осыдан 4 ай бұрын ауқымды сенбілік өткен. Сондықтан бұл жолы шашылған қалдықтар аз кездесті, дейді ұйымдастырушылар. Өскеменнен 40 шақырым қашықта орналасқан Ақбауырдың өлке үшін маңызы айрықша. Оның баурайынан жиырмаға жуық ежелгі қоныс табылған. Алты мың жылдық тарихы бар жер қазір аспан астындағы музей есебінде тұр. Тек биылдың өзінде оны мыңнан аса турист келіп тамашалаған
Аманбай Нұркенов, «Amanat» партиясы ОФ атқарушы хатшысының орынбасары:
- Біз басында қалдық көп төгілген учаскелерді тазартсақ,алдыңғы үш аптада одан кейінгі үш аптада өзен,су жағалауларын тазаладық. Бұл акция біздің шамалауымызша қыркүйек,қазан айларына дейін жалғасады.