Павлодарда «Жасыл Ел» студенттік құрылыс отрядтары сенбілік өткізді
Павлодарда «Жасыл Ел» студенттік құрылыс отрядтары демалыс пен қоғамға пайдалы істі ұштастырды.
Усол шағын ауданында экологиялық сенбілік өткізіп, өзен жағалауын тұрмыстық қатты қалдықтардан тазалады. «Эко-Денс» акциясына қатысушылар арасында спорттық жаттығулар жасап, биден сайысқа түсті. Табиғат аясындағы мұндай шаралар жастардың қоршаған ортаға жанашырлығын арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастырады, дейді ұйымдастырушылар. Жалпы сәуір айынан бері «Таза Қазақстан» акциясына өңірде 300 мыңдай адам қатысып, 110 мың тоннадай қоқыс шығарылды.
Арина Краскова, «Жасыл ел» қалалық штабының командирі:
- Біз сәуір айынан бері аула аумақтарын тазалауды қолға алдық. Усол шағын ауданында біз бірнеше рет болдық. Жасыл кросс, экологиялық тимбилдинг секілді түрлі ауқымды іс-шаралар ұйымдастырдық. Ал тамыз айында дәстүрлі «Жасыл патруль» акциясын бастадық. Әр күн сайын жастар болып жиналып, Усол ықшам ауданын көң-қоқыстан тазартамыз.