Маңғыстау экологиясына зиян келтірген мекемеге айыппұл салынды

Маңғыстаудың экологиясына зиян келтіргендер айыппұл арқалады, деп хабарлайды 24KZ.

Табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» компаниясының экологиялық заңнама талаптарын бұзғанын анықтады. Мекеме биылғы 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндірген. Прокурорлық қадағалау актісімен аталған компания әкімшілік жауапқа тартылып, 7,8 миллион теңге айыппұл салынды.