Петропавлда «Біз таза қала үшін» шарасы өтті
Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Біз таза қала үшін» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл жолы жастар ядролық апат құрбандарына арналған ескерткіш маңын жинап, күл-қоқыстан арылтты. Сонымен қатар тұрғындарға қағаз қапшықтар таратып, экологиялық мәдениетке шақырды.
Бұл – Петропавлдағы ядролық апат құрбандарына арналғалған ескерткіш. Бүгін оның жанына 100-ге жуық жас жиналып, айналасын ретке келтірді. Осылайша, олар адамдарды қаланың тазалығына бейжай қарамауға шақырды.
Арна Ерденова, ерікті:
- Біз бүгін тазалықты сақтау үшін қоқыстарды жинап жатырмыз. Бұның мақсаты, ең бастысы, тазалықты сақтау болып келеді. Менің ойымша, табиғатты таза ұстауымыз керек.
Белсенді жастар «Таза Қазақстан» акциясы аясында орталық көшеге шығып, ерекше бастама көтерді. Олар тұрғындардың қолындағы целлофан пакеттерді қағаз қапшықтарға ауыстырып, тәттілер таратты. Сонымен қатар бос пластикалық бөтелкелерге жәшіктер қойды.
Жұлдыз Тоқтарғазы, облыстық жастар ресурстық орталығының маманы:
- Пластикалық құмыралармен, бөтелкелермен, пластикалық поэлитен пакеттердің табиғатқа өте зиянын халық біле білгенімен, түп төркініне жете бермейді. Сондықтан өтіп бара жатқан халық қолындағы поэтиленді пакеттерін кәдімді экологиялық, экологияға ешқандай зияны жоқ біздің шопперлерге, қолдан тігілген дорбаларға, экопакеттерге ауыстырады.
Өңірде бүгінгі күнге дейін «Таза Қазақстан» акциясына 150 мыңға жуық адам қатысты. Олар әр апта сайын экологиялық шаралар ұйымдастырып, халықты қоршағар ортаны таза ұстауға баулиды.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков.