Шымкентте ірі магистральді каналдың бойы қоқыстан тазартылды
«Аманат» партиясының бастамасымен «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылып, 22 шақырымнан асатын арнаның бір бөлігі қамтылды.
Экологиялық науқанға «Жастар рухы» өкілдері, коммуналдық мекеме ұжымы, депутаттар мен қоғам белсенділері атсалысты. Жағалауға шашылған күл-қоқыс жиналып, қураған өскіндер қырқылды. Өткелдің асты да тазартылып, су ағыны қалыпқа келтірілді. Бау-бақша алқаптарына су тарататын канал былтыр толық күрделі жөндеуден өткізілді. Табаны бетондалып, жағасы бекітілді. Партия өкілдері акция аясында өзге де өзен-көлдің аумағын тазартуды жоспарлап отыр
Қайрат Имашев, «Аманат» партиясының Қаратау аудандық филиалының төрағасы:
- Жоспарсыз жұмыс болмайды ғой. Өздеріңіз көріп отырсыздар, бізде кезең-кезеңімен жүйеге қойылып отыр. Әр ауданның әкімшілігімен бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Сол кісілерден бізге мына аймақты тазалау керек деген сияқты ұсыныстары түсіп жатыр. Бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда тазарып қалды. Енді осы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болсақ бұл өз нәтижесін береді деген ойдамын.