Шымкентте экоакция аясында 76 тонна қоқыс шығарылды
Шымкенттіктер қала аумаған қураған шөптен тазартты.
Жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» акциясының кезекті апталығында 1200-ден астам экобелсенді алты жерде тазалық жұмыстарын атқарды. Өртке қауіпті орман алқаптары мен саябақтағы шөптер орылды. Қураған ағаштар қырқылып, жеке тұрғын үй секторларының төңірегі тазартылды. Барлығы 76 тонна күл-қоқыс шығарылды. Тазалық науқанына қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, «Жасыл ел» еңбек жасағы мен ерікті жастар қатысты. Олар «Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет» екенін айтады.
Әлима Мырзабекова, қала тұрғыны:
- Сенбілік жұмыстары жүріп жатыр. Мына Бадам-1-дегі ағын сулар тазартылып жатыр. Жүргендердің бәріне рақмет. Біз тұрғындар қарап тұрмастан көршілерімізбен жабылып, қатысып жатырмыз. Тұрғындар қарап тұрмайды. Көшеміздегі тазалыққа қараймыз.