Қордай ауданында мемлекет қорғауындағы нысан аумағы тазартылды

Жамбылдықтар Қордай ауданындағы 10-12 ғасырларға тән, мемлекет қорғауындағы «Георгиевск» қонысының айналасын қоқыстан тазартты.

Туристер көп келетіндіктен маңайына тұрмыстық қалдық жиналып қалған. Табиғат жанашырлары 3 тонна қоқыс жинап, арнайы көлікке тиеді. Тазалық шарасына 100-ден астам адам қатысты. Жалпы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы жамбылдықтар 15 мың тоннаға жуық қоқыс жинаған. Тазалық шарасына партия өкілдері де атсалысып жатыр. Мәселен, «Аманат» партиясының мүшелері әр бейсенбі сайын өңірдегі өзен-көлдер мен саябақтарды, табиғат аясы мен киелі орындар да тазалық жұмыстарын жүргізеді.

 Бейкут Джамангозов, Аmаnаt партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы:

- «Таза бейсенбі» акциясы бойынша сәуір айынан Қордай ауданында ауқымды жұмыстар жүруде. Бүгін енді мына «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылып, жұмыстар жүріп жатыр. Осы акция басталғалы ауданның төңіріегінде он мыңға жуық тұрғын қатысып, партияластарымыздың барлығы бүгін жиналып, осы жерді қоқыстан тазарту жұмыстарын ұйымдастырып жатырмыз.