Семейде «Таза Қазақстан» аясында қоғамдық кеңістік ашылды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Семейде қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Демалыс орны қаланың орталығындағы Найманбаев және Момышұлы атындағы көшелердің қиылысында орналасқан. Бұл ауданда шаһардың тарихынан сыр шертетін көне ғимараттар көп. Кеңістік ашу туралы бастаманы өлкетану қоғамының мүшелері көтерді. Қазір аумақта жаяу жүргіншілер жолағы жасалып, жарық шамдары орнатылды. Заман талабына сай абаттандырылған қоғамдық кеңістік қала тұрғындары демалатын бірегей орынға айналды.
Зейнолла Тоқаев, қоғам белсендісі:
- Үйлердің өзі қиылыстағы жаңа үйлер бар, Кеңес үкіметі кезіндегі және патша кезіндегі. Ал мынау тұрған телеграф. Бұның бәрі патша кезінде салынған ғой. Бұл жер тарихи көрініс береді. Бұл жерде белгілер болады жасап жатыр. Сондықтан тамаша.