Бұқпа тауының бөктері қоқыстан тазартылды
Көкшетау қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бұқпа тауының бөктерін күл-қоқыстан тазартты.
Көпшілік «Тәуелсіздік» ту тұғырының маңайын абаттандырып, тау басындағы бақылау алаңын ретке келтірді. Тұрмыстық қалдықтарды жинауға 500-ге тарта адам жұмылдырылды. Игі іске қарапайым қала тұрғындарынан бөлек, мемлекеттік қызметшілер,түрлі партия өкілдері мен белсенділер қатысты. Жалпы облыс бойынша бүгінге дейін акция аясында 80 мың текше метр қоқыс шығарылған. 200-ге жуық көшет егіліп, 400 балалар алаңы абаттандырылды.
Алмат Тоқмағанбетов, "Respublica" партиясы облыстық филиалының төрағасы:
- Біз ұжыммен шығып, осы « Таза Қазақстан» акциясына қатысып отырмыз. Бүкіл жастарды осы акцияға қатысуға шақырамыз. Өйткені біздің Көкше өңіріміз таза болсын, осындай акциялар жиі бола берсін. Табиғатымызды таза ұстайық.