Ақтөбеде «Ескерткіш – ел тарихы» акциясы өтті
Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында тарихи-мәдени нысандар жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Облыс орталығындағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш пен интернационалист-жауынгерлерге арналған монумент жөнделіп, төңірегі тазартылды.
Жалпы республикалық шара барысында облыстың барлық ауданындағы жүздеген ескерткіштің айналасы абаттандырылып, ескірген бөлшектері жаңартылып жатыр. Мәселен, Ескерткіштерді қорғау орталығының директоры Фархад Досмұратовтың айтуынша, Ауған соғысында қаза болған жуынгерлерге арналған стелла 17 жыл бұрын орнатылса да, осы уақыт аралығында күрделі жөндеу жүргізілмеген.
Фархад Досмұратов, Ескерткіштерді қорғау орталығының директоры:
- Ақтөбе қаласындағы жай-күйі, атап айтқандай, осындай гранит плиткалары түсіп жатқан, жарық шамдары сынған, QR-коды жасамайтын, тағы да талдарын қию керек болатын сондай жұмыстарға байланысты біз 35 ескерткішті таңдап алдық. Соларға қазіргі таңда жөндеу жұмыстары, олардың айналасын тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қараша айына дейін ол жұмыстар аяқталады.