«Таза Қазақстан»: Белоусовка кентінен екі тоннадан астам қоқыс шығарылды
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Белоусовка кентінен екі тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлайды 24kz.
Экологиялық шараға еріктілер, «Amanat» партиясының мүшелері мен жастар қатысты. Оларға ауыл тұрғындары да көмектесіп, су қоймасының жағалауын ретке келтірді. Өңірде республикалық акция бастау алғалы 80 мың аула мен 370 шақырым арық тазартылды. Қала мен аудандарда 50 мың жас көшет отырғызылды. Сонымен қатар қоқыс алаңдары да назардан тыс қалмады.