Ауа райы болжамы. Жаңбыр соңы қарға айналады

Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің шығыс және оңтүстік шығыс өңірлеріндегі жауын-шашын қарға ұласады.

Болжам бойынша солтүстік және шығыс аймақтарда күн күркіреп, нөсер селдетеді. Таңғы және түнгі уақыттарда тұман түседі. Ал елдің өзге өңірлерінде күн ашық.

Жұлдыз Исабекова, Қазгидромет маманы:

- Алдын ала болжам бойынша, осы қыркүйек айының үшінші онкүндігінде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ алдымыздағы тәулікте шығыс өңірлерінің шығысында түнгі сағаттарда жауын-шашын күтіледі. Яғни жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін деген дауылды ескерту болжанды.