Тараздықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында 16 мың тонна қоқыс жинады

Жамбыл облысының белсенділері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 16 мың тонна қоқыс жинады, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін акцияны қолдауға 300-ден астам жамбылдық шықты. Олардың қатарында кәсіпорын қызметкерлері, ассамблея мүшелері мен еріктілер және белсенді жастар бар.  Олар «Бәйтерек» ықшамауданындағы аурухана маңайын тазартып, ретке келтірді. Сондай-ақ саябақты тұрмыстық қалдықтардан арылтты. Бұл күні 3 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

Ринат Ақәділ, облыстық жастар ресурстық орталығының бас маманы

- «Таза Қазақстан» акциясына өз үлесімізді қосу үшін клеіп отырған жайымыз бар. «Таза Қазақстан» акциясының халыққа берері өте көп. Әр адам өз қаласының таза болғанын, өзінің туған өлкесінің, жүрген жерінің таза болғанын қалайды деген ойдамын. Сол мақсатта бүгін біз қалалық балалар ауруханасы алдында қураған шөптерді тазаладық.