Қостанайда саябақты қоқыстан тазартты
Қостанайлықтар жағажай маңындағы саябақты күл-қоқыстан тазартты.
«Аманат» партиясының бастамасымен кезекті «Таза бейсенбі» іс-шарасы өтті. Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы облыста 104 учаске тазартылды.
Төрт жүз тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы үгіт-насихат жұмыстары да қатар жүрді. Мысалы, партия өкілдерінің айтуынша, Атом электр станциясын салу қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың бір амалы.
Жанар Көшенова, «Аманат» партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
- Осы акция тек сенбілікпен ғана шектелмейді. Сондықтан түсіндіру жұмыстары да өткізіледі кеңінен. Қазақстанымызда көбінесе көмір энергиясын пайдаланады. Бұл енді табиғатымызға зияны да бар дегенді түсіну керек халық. Сондықтан да осы атом станциясын салуына соның қажеттілігін түсіне білу керек.