Оралда тазалық автобустары жолға шықты
Орал қаласының тұрғындары әлеуметтік желі арқылы өтініш жазып, өз үйінің айналасын тазарта алады, деп хабарлайды 24KZ.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында осы айдан бастап қалада «тазалық автобустары» жолға шықты. Қоршаған ортаның жағдайына бейжай қарамайтын белсенді жастар күн сайын шаһарды аралап, аулалардан күл-қоқыс шығары жүр. Күні бүгін 10 аула тазартылып, ағаштар әктеліп, теректердің түбі қопсытылған. Ал жалпы акция аясында сәуір айынан бері өңірде 53 мың тонна қоқыс шығарылып, 48 мың көшет егілді.
Аманат Бектұрсынов Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бөлім басшысы:
- Дәл қазір біздер Қасым Аманжолов көшесі 89 үйдің алдындамыз. Яғни, волонтерлер бұл жерде әктеу жұмыстарын, яғни қопсыту жұмыстарын атқарады. Мұндағы мақсатымыз – жалпы көпқабатты үйдің тұрғындарын қаламызды таза ұстауға ынталандыру, яғни жігер беру мақсатында ұйымдастырып жатырмыз.