Саран қаласында 100-ден астам белсенді су қоймасының жағасын тазалады

Саран қаласының 100-ден астам белсендісі экологиялық акция аясында су қоймасының маңын қоқыстан тазалады, деп хабарлайды 24kz.

Жағалау жаз бойы бернеше рет тазартылған. Мұнда тұрғындар көптеп келіп демалатындықтан, шашылған қоқыс қалдықтары тұрақты түрде жиналып тұрады. Бүгінгі акцияны белсенділер қаланың 70 жылдық мерейтойына арнады. Бұған дейін шаһардың саябағы мен гүлзарларын, балалар ойын алаңдарын тазалап, абаттандыруға атсалысты.

Сәнді Ақанова, Саран қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы:

- Біз барша тұрғындарды осындай экологиямызды таза ұстауға, қоқыстан тазартуға, осындай шараларға белсенді қатысуға шақырамыз. Еліміздің таза болуы, экологиясы ол сіз бен бізге байланысты. «Таза Қазақстан» акциясы жалпы қоршаған ортаны қорғауға арналған акция ғой. Сол себепті ол барлығымызға ортақ шара. Жастарды осылай тазалыққа баулимыз.