Павлодарда Усолка өзенінің жағалауы тазаланды

Ертіс өзенінің сағасы Усолканың жағалауы тазаланды, деп хабарлайды 24KZ.

Павлодардағы жергілікті колледж студенттері 10 шақырымдай аумақтан тұрмыстық қалдықтар жинап шықты. Экологиялық шараға 2 мыңдай адам қатысты.

Жалпы жастар соңғы кезде демалушылардың қарасы үзілмейтін табиғаты көркем аймақты сақтап қалуға зор үлес қосып келеді. Биыл «Жасыл ел» еңбек жасағы түрлі форматта 40-қа жуық тазалық акциясын өткізді.

Арина Краскова, «Жасыл ел» еңбек жасағының штаб командирі:

- «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Павлодардың «Жасыл ел» штабы 2 тоннадан астам қалдық шығарды. Олардың ең көп бөлігі пластик құтылар, шыны және өңдеуге келмейтін қалдықтардан тұрады. Павлодардың штабы қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ететін көптеген шараға ұйытқы болып жүр. Сүйікті қаламыздың экологиясын жақсартуды ары қарай да жалғастыра береміз.