Өскеменде жаппай сенбілік ұйымдастырылды
Өскемендіктер «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаппай сенбілікке шығып, қалалық полигонға баратын жолдың жан-жағын күл-қоқыстан тазартты, деп хабарлайды 24kz.
Себебі полигонға жетпей, қоқысты әр жерге төге салатындар көп. Тазартылған аумақты енді экопатруль бақылауға алады. Одан бөлек, қаланың сол жағалауындағы қайыңды орманының ішінен тұрмыстық қалдықты жинап шықты.
«Жаз маусымында демалуға келгендер орнын жинап кетпейді», - дейді акцияны ұйымдастырушылар. Ал студенттер жағы тау баурайындағы Панкратьев бағына 100 түп таңқурай, 100 түп қаражидек және қарақат екті. Сондай-ақ шырша көшеттерін де отырғызды.
Ілияс Қадылбеков, студент:
- Менің ойымша, осы акция біз үшін ғана емес, бізден кейін өсіп келе жатқан іні-қарындастарымыздың жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосады деп санаймын. Тал егу деген адамға ерекше әсер беретін іс екен. Кейін сол еккен талымыздың қалай өсіп-өнгенін өз отбасыммен келіп көрсем, балаларыммен бірге тамашаласам, нағыз тәрбие сабақтастығы осы деп санаймын.