Арал теңізін сақтау жобасының 2-ші кезеңі жүзеге асырылады

Келесі жылы солтүстік Арал теңізін сақтау және Сырдария арнасын реттеу жобасының 2-ші кезеңі басталады, деп хабарлайды 24KZ.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банктің 1,5 миллион долларлық гранты есебінен қажетті құжаттама әзірленіп жатыр. Аралды құтқару халықаралық қорының бірінші отырысында экологиялық және әлеуметтік маңызы жоғары жобаның негізгі бағыттары талқыланды. Жиынға қатысқан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің Үкімет мүшелері мен гидромамандары су бөліністеріне қатысты ұстанымдарын ортаға салды. Осыдан 2 жыл бұрын Арал теңізіндегі су көлемі 18 миллиард текше метр болса, қазіргі таңда 22 миллиардқа жетті. Тараптар Сырдария өзені бойындағы инфрақұрылымды дамыта отырып, су ресурстарын басқарудың ақпараттық базасы мен жүйелерін жаңарту жөнінде келісімге келді.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Негізгі 2 үлкен бағдарлама қабылданған. 1-ші Сырдария өзені бойында орналасқан мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Экологиялық мәселелер де бар. Судың сапасын көтеру мәселесі бар. Халықаралық донорлармен тағы да қаржыландыру мәселесі бойынша кездесу өтеді. 3-ші қордың ұйымдастыру структурасының өзгеруіне байланысты қатысушылардың тарапынан бірнеше ұсыныс беріп жатыр. Біз бір келісімге келуіміз керек.