Түркістан облысының Жартытөбе ауылында тазалық акциясы өтті
Түркістан облысы Созақ ауданының Жартытөбе ауылында жаппай сенбілік ұйымдастырыпып, елді мекеннің айналасы күл-қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды 24KZ.
Ауылдың үлкендері мен жастары, түрлі мекеме жұмысшылары түгел қатысты. Аудандық ардагерлер алқасы бастаған 100-ге жуық адам «Ысқақ баба» кесенесінің жан-жағын қоқыс пен қураған шөптен тазартып шықты. Бұдан кейін созақтықтар Шолаққорған ауылындағы «Орталық» саябақ пен Таукенттегі «Жастар» саябағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жиналған 8 тоннаға жуық қоқыс полигонға шығарылды.
Жұмағұл Жолдыбайұлы, Шолаққорған ауылының тұрғыны:
- Әркім өз ауласын тазалап, көшелерін таза ұстап, тәртіпке келтіріп отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені бұлар ауылдың әкімшілігіне сеніп алған. «Әкімшілік қашан тазалайды, қашан келіп трактормен алып кетеді» – деп соған иек артып, отырып алған. Талдың арасын тазалап жатқан азаматтардың қолдары дерт көрмесін, рақмет. Таза, әдемі болып қалды.