Түркістан облысында «Таза бейсенбі» апталығы өтті
Түркістан облысының Төлеби ауданында «Таза бейсенбі» апталығы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жолы қатысушылар Ғайып Ерен Қырық Шілтен кешені аумағына жиналды. Тылсым сырға толы киелі мекен – оңтүстік өлкедегі ең танымал туристік бағыттардың бірі. Мұнда келетін экскурсиялық топтардың санында есеп жоқ, қысы-жазы дамыл таппайды. Белсенділер тарихи және мәдени ескерткіш аумағын қураған шөптен тазартып, тұрмыстық қалдықтарды жинастырды.
Алтынсары Үмбетәлиев, «Amanat» партиясы оф төрағасы:
- Жалпы біздің мақсатымыз – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және халық арасында осы табиғат берген сүйіспеншілікті ояту болып. Сондықтан осы қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын өңіріміздің тұрғындарын «Таза Қазақстан» акциясына қатысуға шақырамын.