Қарағанды облысында экобелсенділер бір күнде 3 тонна қоқыс жинады
Қарағанды облысында еріктілер бір күнде 3 тоннадан астам қоқыс жинады, деп хабарлайды 24kz.
«Amanat» партиясының бастамасымен өткен «Таза бейсенбі» акциясына партия өкілдері, мәдениет үйлерінің қызметкерлері және тұрғындар мен студенттер қатысты. Экобелсенділер қаланың айналасы мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын қоқыстан тазартты. Апта сайын өтетін тазалық жұмыстарына өңір тұрғындары белсенді қатысуда.
Аман Ахметжанов, қала тұрғыны:
- Басты мақсатымыз – қаланың тазалығын сақтау. Президентіміздің «Таза Қазақстан» акциясын қолдау. Біз қоршаған ортаны таза ұстауымыз керек. Ол әрбір адамның өзінен әрі айналасынан басталуы керек.